Біз ғана емес, бізге де қарыздар: Шетел азаматтарының Қазақстан банктеріне берешегі 120 млрд теңгеден асады

Шетел азаматтарының Қазақстан банктеріне берешегі 120 млрд теңгеден асады. 2 мыңға жуық жеке және 42 заңды тұлға отандық қаржы ұйымдарынан несие алған. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында Сергей Карплюк айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Almaty.tv.-ға сілтеме жасап.

Депутат дерегінше, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері арасында несие мәліметін алмасу тәртібі айқындалмаған. Демек, Одаққа мүше елдердің азаматтары кез келген мемлекеттің екінші деңгейлі банктерінен қарыз алуға құқылы. Қаржылық қалыпты ретке келтіру үшін жоғары палата бүгіннен бастап несие тарихы бойынша мәлімет алмасу құжатын күшіне енгізіп отыр.

Бұл жерде несие тарихы маңызды. Оны бөлісу не үшін қажет? Біріншіден, бұл адал қарыз алушылар үшін банктік қызметтерге қолжетімділікті арттырады. Басқаша айтқанда, оларға Еуразиялық одақтың кез келген елінің банкінен несие алу оңайырақ болады. Екіншіден, бұл қаржы ұйымдарына да тиімді. Сол арқылы олар өз тәуекелдерін азайтады. Келісім алмасу тәртібін және берілетін ақпараттық тізбесін қамтиды. Бұған мыналар кіреді: кредиттік есеп беру туралы сұрау салу, кредиттік есептің өзі, кредиттік тарих субъектісінің келісімі, сондай-ақ оның дауласуына қатысты құжаттар, – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Карплюк.

Сенатта қолдау тапқан құжаттың маңыздылығы тұтынушының төлем қабілетін жасыра алмайды. Одақ шеңберінде келісімге келген елдер азаматтардың несие тарихын бір-біріне бере алады. Ал борышкер берешегін өтемей, уақыт созып жүрген жағдайда, сол елдің қаржы ұйымының саясатына байланысты жүргізіледі.

Өтінім берген кезде азаматтар өзінің келісімін алдын ала береді. Келісім берген кезде ғана кредит тарихын алмастыруға болады. Келісім бермеген жағдайда, ол процесс жүргізілмейді. Екіншіден, барлық ақпарат ұлттық төлем, шлюз арқылы алмастырылады, – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов.

Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында несие мәліметін алмасу тәртібі айқындалмаған. Бүгінгі келісім кредит тарихының құрамына кіретін ақпараттарды алмасу тетігін, тәртібі мен шарттын ретке келтіреді. Тағы бір айта кетерлігі, азаматтарға қатысты мағлұмат ортақ базаға сақталмайды. Бұл өз кезегінде алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін жасалып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: egemen.kz
Өзгелердің жаңалығы