Біз ештеңеге қол жеткізбедік – Трамп Байден мен Путиннің кездесуі туралы өз пікірін білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Джо Байден мен Владимир Путиннің саммит барысындағы кездесуі туралы айтты. Бұл туралы FoxNews телеарнасы хабарлады.

Менің ойымша, жалпы бұл жағдай бізге ештеңе бермеді. Біз жоғары мінберді Ресейге беріп, ештеңеге қол жеткізген жоқпыз. Бұл Ресей үшін жақсы күн болды, нәтижесінде не алғанымызды түсінбеймін, – деді Трамп.
Оның айтуынша, Джо Байден бастаған АҚШ-тың қазіргі әкімшілігі Ресейдің «Солтүстік ағын-2» газ құбырын салуына кедергі болған жоқ. Сонымен қатар Трамп Ресейге салынған санкцияларды алып тастағысы келетіндігін айтты, өйткені екі елдің ынтымақтастығы екі жаққа да тиімді болуы мүмкін. Путин туралы сөз еткенде экс-президент онымен шынымен жақсы тіл табысқанын атап өтті. Сонымен бірге Трамп өзінен басқа ешкім «Ресейге қатысты аса қаталдық көрсетпегенін» баса айтты. 

Өз кезегінде АҚШ-тың бұрынғы президенті Трамп оның әкімшілігі Ресейге қарсы сонша көп санкциялар  салғанын еске салды. Америка Құрама Штаттары мен Ресей арасындағы қарым-қатынас туралы айта отырып, «бұл таңғажайып жағдай болуы мүмкін» деп атап өтті. 

Олар екі ел үшін де шынымен де өзара тиімді болуы мүмкін, – деді Дональд Трамп.
Сонымен бірге ол Ресейдің АҚШ-пен экономикалық ынтымақтастыққа мүдделі екендігіне сенім білдірді. 

Бізге оларда не бар, сол керек. Ресурстарды өндіру тұрғысынан өте құнды аумақтар бар. Көптеген жақсы жаңалықтар болуы мүмкін, – деді экс-президент Дональд Трамп.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы