"Біз дайынбыз": Зеленский 30 күнге атысты тоқтату туралы мәлімдеме жасады
Владимир Зеленский Украина АҚШ-тың бір ай бойы атысты толықтай тоқтату туралы ұсынысын қабылдағанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ украиналық президенттің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Америкалықтармен бұл кездесуде біздің ұсынысымыз үш нәрсе болатын: әуедегі тыныштық – зымыран, бомба, алысқа атылатын дрондар және теңіздегі тыныштық... Бүгін келіссөздер барысында америкалық тараптан алғашқы қадам жасап, 30 күн бойы тек зымырын, дрон мен бомбалардың атысын тек Қара теңізде ғана емес, майданның бүкіл желісі бойынша толықтай тоқтатуға тырысу туралы ұсыныс болды. Украина бұл ұсынысты қабылдады. Біз мұны оң шешім деп санаймыз. Біз мұндай қадамға баруға дайынбыз. АҚШ Ресейді де мұны жасауға көндіруге тиіс. Яғни егер Ресей тарапы келіссе, біз де келісеміз. Сол кезде толықтай тыныштық орнайды, - деді өзінің видеоүндеуінде Владимир Зеленский.
Еске салайық, бұған дейін Сауд Арабиясы Украинаны қалпына келтіруге қаржы құятыны туралы жазған болатынбыз.