Біз бағаны реттемейміз, бірақ оның қалыптасуына әсер етеміз – Жұманғарин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин «Қазақпарат» ХАА АҚ ұжымымен кездесу барысында айтты.

Біз бағаны реттемейміз. Бірақ қазір біз бағаны қалыптастыру тетіктеріне ие бірден-бір органбыз. Қазір азық-түлік, жанармай мен пәтерлердің бағасы қалыптасып жатыр. Біз бағаның қалыптасуына қарсы тұра алатын жалғыз органбыз, - деді ол.

Жұманғарин айтқандай, бәсекелестікті қорғау саласы экономика мен заң шығарудың  ортасында тұр.


Экономикаға қарай басымдығымыз жоғары, әрине. Мәселен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті алатын болсақ. Әкімдіктер бұл орайда тысқары қалды. Олар сұхбат бергеннің өзінде Бәсекелестікті қорғау агенттігіне барыңдар дейді. Бұл дұрыс емес. Әкімдіктерде бағаны реттейтін тетіктер бар. Кәсіпкерлік кодекстің 116-бабы бойынша әлеуметтік азық-түлік бағасын реттеу жергілікті органдардың құзырында делінген, - деді Серік Жұманғарин.

Айта кетейік, агенттікті құру туралы тапсырманы Президент Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Парламент палаталарының  бірлескен отырысында берді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі - Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін, бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ, тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы