Биылғы қажылыққа мың адам ғана қатыса алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд билігі әлеуметтік қашықтықтың сақталуын және күшейтілген санитарлық-гигиеналық шараларды қатаң қадағалайтын болады.

Сауд Арабиясында бүгін қажылық басталды. Алайда, пандемияға байланысты биылғы қажылыққа шамамен мың адам ғана қатыса алады. Қажылық алты күнге созылып, 2 тамызда аяқталады, деп хабарлайды interfax.ru.

Биыл қажылыққа баруға бел буған мұсылмандар бірқатар шектеуге тап болды. Атап айтқанда, Сауд билігі әлеуметтік қашықтықтың сақталуын және күшейтілген санитарлық-гигиеналық шараларды қатаң қадағалайтын болады.

Мысалы, "Шайтан қабырғасына тас лақтыру" рәсімі аясында пайдаланылатын барлық тас антисептиктермен өңделеді. Қажылық жасаушыларға қасиетті Қағбаға жанасуға рұқсат етілмейді. Намаз кезінде қажылыққа қатысушылар бетперде тағуы керек.

Айта кету керек, жыл сайын қажылыққа жүздеген емес, миллиондаған адам келеді. Өткен жылы Сауд Арабиясына осы мақсатта қажылыққа 2,5 млн адам келген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы