Биылғы оқу жылында оқушылар қалай демалады?
ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдары үшін 2025-2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ оқушылардың демалыс кезеңдерін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрлік мәліметінше, жаңа оқу жылы 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Ал Білім күніне арналған салтанатты жиынның күні мен уақыты әр мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен анықталады.
Тоқсанаралық демалыстар келесідей болады:
Күзгі каникул:
- 2025 жылғы 27 қазан – 2 қараша (7 күн);
Қысқы каникул:
- 2025 жылғы 29 желтоқсан – 2026 жылғы 7 қаңтар (10 күн);
1-сынып оқушыларына қосымша демалыс:
- 2026 жылғы 9-15 ақпан (7 күн);
Көктемгі каникул:
- 2026 жылғы 19-29 наурыз (11 күн).
Оқу тоқсандарының ұзақтығы:
- І тоқсан – 8 апта;
- ІІ тоқсан – 8 апта;
- ІІІ тоқсан – 10 апта;
- IV тоқсан – 8 апта.
Министрлік оқу процесін ұйымдастыру барысында білім алушылардың оқу жүктемесін теңдестіріп, олардың физикалық және психологиялық денсаулығын ескеруге баса назар аударып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында парапланмен ұшып бара жатқан әйел құлап кетті
Өзгелердің жаңалығы