Биылғы маусымда Лионель Месси Барселонада қала ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Барселона шабуылшысы Лионель Месси клубпен жаңа келісімшарт жасасып, принципті келісімге келді. Келісімшарт уақыты бес жылға созылады. Бұл туралы Sport.es хабарлады.

Келісім барысында 34 жастағы ойыншы қазіргі уақыттағы клубтың қаржылық жағдайының мәз емес екенін түсініп, жалақысын 50 пайызға қысқартты.

Келіссөздер қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда Барселонаның заңгерлері мен кеңесшілері келісімнің соңғы кезеңдерін пысықтап жатыр. Каталониялық клуб шілде айының соңына қарай Мессимен жаңа келісімшартқа отырғандығы туралы ресми түрде хабарлайды деп күтілуде.

Айта кетейік, өткен маусымда Месси алаңда 47 матч өткізіп, 38 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.

11 шілдеде Аргентина құрамасы 28 жылдың ішінде алғаш рет финалда бразилиялықтарды жеңіп, Америка Кубогын жеңіп алды. Бұл - Мессидің 2008 жылғы Олимпиадада жеңіске жеткеннен кейін ұлттық құрамасымен алған алғашқы маңызды жүлдесі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы