Биыл жылжымайтын мүлік бағасы қанша болады
Неліктен 2023 жылы үй аз сатылды, жаңа жылдан кейін не болады. Бұл туралы 31 арнаға берген сұхбатында Қазақстан риэлторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жылжымайтын мүлік нарығындағы тоқырауға не себеп болды және бұл бағаға қалай әсер етті?
Жасыратыны жоқ, өткен жылы біз ковидке дейінгі алдыңғы кезеңмен салыстырғанда транзакциялар санының артқанын байқадық. Егер ковидке дейінгі транзакциялардың ай сайынғы саны шамамен 21-22 мың болса, ковидтен кейін біз іске асырылған сұранысты көрдік, бұл бірінші нәрсе. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасы, бұл жағдайда бүкіл нарықты қуаттандырды. Нәтижесінде, өткен жылдың ішінде біз ай сайынғы өсуді 7% және 5% байқадық. Әртүрлі жылжымайтын мүлікке баға әртүрлі көтерілді.
Бірақ осы жыл бойы, егер салыстырмалы түрде қарасақ бастапқы және қолданыстағы үй үшін құнның төмендеуін көрсетті. Сондықтан қазір біз көріп отырғанымыздай бағада ауытқу бар: минус 0,7%, минус 1,5% және плюс 1%. Бірақ өсу қарқыны 2022 жылмен салыстырғанда төмендегені сөзсіз.
Келесі не болады? «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы салалық бағдарламалармен қатар нарыққа шығуда. Не күтеміз? Баға жағы қалай болады?
Көптеген адам бұл сұрақты жылдың аяғында немесе жылдың басында қояды. Өкінішке қарай, келесі жыл баспана бағасы белгісіз болып отыр. Ал бұған көптеген себеп бар.
Біз көріп отырған бірінші себеп – мемлекеттік органдар ақыры бастапқы жылжымайтын мүлік нарығына, жаңа ғимараттарға назар аудара бастады. Соңғы бір жылда Алматыда 20-ға жуық жаңа құрылысты бұзуға немесе жартылай бұзуға тапсырыс берілген. Бұл да нарыққа оң әсер етпейді. Алматы облысында шамамен осыншама нысан бұзуға белгіленген. Дәл осындай тексерулер қазір басқа да көптеген компанияда жүргізілуде. Салдарынан шаршы метрлердің де азаятынын аңғару қиын емес.
Қазір салалық бағдарламаларға артылған үмітке қатысты айтарым: тәжірибе көрсеткендей, салалық бағдарламалар өкінішке қарай, бүкіл нарықты қамти алмайды.
«9-20-25» бағдарламасы. Оның шарттары қаңтар айында жарияланады деп күтілуде. Алайда, бұл белгісіздеу. Бағдарламада бірқатар шектеу бар. Әзірге ол толық келісілген жоқ. Сондықтан мен қазір толық шарттарды айта алмаймын, олар «Отбасы банкі» мен мемлекеттік органдар арасында келісім жасау сатысында тұр. Шарттарын наурыз айында немесе тіпті маусым айында білетін шығармыз.
Қазір жылжымайтын мүлік сатып алуды ойлап жүрген адамдарға не істеу керектігін айтыңызшы? Бұл үшін ең жақсы кезең қандай?
– Көптеген адам маусымның бағаға қалай әсер ететінін сұрайды. Жыл мезгілі бағаға іс жүзінде әсер етпейді. Сондықтан нарық қандай мүмкіндікер ұсынып тұр, соны пайдаланы білу керек.
Қазір құрылыс компаниялар тарапынан көптеген акция бар. Бұған бастапқы жарнаны азайту, пайызсыз ұзақ мерзімді төлемдер, банктермен бірлескен әртүрлі акциялар кіреді.
Сондықтан, менің ұсынысым мынау: егер сізге жылжымайтын мүлікті сату қажет болса, онда сіз отбасыңызда қалыптасқан жағдайларға байланысты сатуыңыз керек.
Сатып алуда да солай: іздеңіз, шарттарыңызды ұсыныңыз, саудаласыңыз сонда өзіңіз үшін ең тиімді нұсқаны табасыз.