Биыл жол апатынан 2 мың адам қаза тапқан
Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жолдағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында ІІМ кешенді шаралар қабылдап жатыр. Дегенмен осы жылы 22 мыңнан астам жол апаты тіркелді, онда 2 мың адам қаза тауып, 25 мыңнан астам адам жарақат алған.
Жол апаты мен жарақат алғандар көрсеткіштерінің өсуі жол-көлік оқиғаларын есепке алу тәсілінің өзгеруімен байланысты. Қазір денсаулыққа келтірілген зиянға қарамастан, жол апатынан кейін медициналық мекемеге жүгінген барлық адамдар есепке алынады, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Бізге тиіспесеңдер болды, өзіміз дамимыз" дейді – Аймағамбетов
Келесі жаңалық
Исламабадта Қазақстан – Пәкістан саяси консультациялары өтті
Өзгелердің жаңалығы