Биыл қамбаға қанша астық жиналады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл қамбаға 18 млн тонна астық жиналады деп болжанып отыр. Бұл туралы үкімет үйінде баспасөз мәжілісінде ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.
Биылғы астықтың болжамды жалпы жиналымы 18 млн тонна деңгейінде жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 9,8 мың гектарға 11,5 миллион тонна астық бастырылды. Бұл егін жинау алаңының 63% - ын құрайды, - дейді ауыл шаруашылығы министрі.
Оның айтуынша, былтыр мұндай уақытта көрсеткіш 34 пайыздан аспаған.
Сонымен қатар, қанша астық экспортталатыны туралы да айтып өтті.
Биыл астық эквивалентінде 7-8 млн тонна көлемінде астық пен ұн экспортының әлеуеті болады. Әдеттегідей, экспорт бойынша негізгі серіктес елдер бірінші кезекте қамтылады. Олардың қатарында Өзбекстан, Тәжікстан, Қығызстан, Түрікменстан, Ауғанстан мен Иран елдері бар. Сонымен қатар, көрші Қытайға да астық пен ұн экспорты көлемін арттыруды жоспарлап отырмыз, - дейді Сапархан Омаров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматының «ВВВ» ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі расталды
Келесі жаңалық
Бразилияда автобус апатқа ұшырап, 17 адам қаза тапты
Өзгелердің жаңалығы