Биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу туралы хабарлама жариялады.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ.
Сонымен қатар, әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған. Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі шаралар да бар.
Қорғаныс министрлігімен еліміздің барлық өңірінде өткізілетін 50-ге жуық түрлі шара жоспарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы