Биыл жемқорлық жасағаны үшін 520 адам сотталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Агенттіктің жедел тергеу қызметінің нәтижелері аясында белгілі болды.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша барлығы 520 адам сотталды, 131 адам пара алғаны үшін, 222 адам пара бергені үшін, 12 адам делдалдық үшін 71 адам алаяқтық үшін, 35 адам ұрлық үшін, 35 адам лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін, 9 адам билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Ол атағандай, бас бостандығынан айыруға – 151 адам, бас бостандығын шектеуге – 50 адам, еселік айыппұлға – 308, еселік айыппұлдың жалпы сомасына – 1,6 млрд теңгеден астам сотталған.

Қосымша жазалау шаралары 597 адамға қатысты қолданылды (бір адамға қатысты бірнеше қосымша жазалау шаралары қолданылуы мүмкін). 492 адам - белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды, 99 адам - арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айырылды, 6 адам – мүлкі тәркіленіп сотталды, - деді Данияр Бекайдаров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы