Биыл жақындарының қолынан қанша бала ажал құшты?
Биыл жыл басынан бері елімізде 25 бала көз жұмды, оның ішінде 6 бала жақындарының қолынан қаза болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді.
Бүгін 7 жасар қыз қайтыс болды. Қылмысқа кінәлі анасы кінәсін мойындады. Бұл отбасының балалары арнайы орталыққа орналастырылады, - деді ол.
Зәкиеваның дерегінше, қазіргі таңда 6,8 млн балаға 303 әлеуметтік қызметкерден келеді. Яғни 1 қызметкерге - 22 мың бала.
Егер балаларға қауіп төніп тұрғанын көрсеңіздер, „111“ немесе „102“ нөміріне хабарласыңыздар, - дейді жазды Динара Зәкиева .
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы