Биыл жануарларға 150 млн екпе жасалады – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның ветеринарлық зертханалары штаттық режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

2020 жылы Қазақстанда 19 аса қауіпті ауруларға қарсы жануарларды вакцинациялау бойынша 150 млн-нан астам манипуляция жүргізу жоспарланған. Олардың қатарына аусыл, сібір жарасы, құтыру, пастереллез, туберкулез, ҰҚМ шешегі, құс тұмауы, оба, жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея, сондай-ақ эмкар, эктима, жылқының құлағы, ринопневмония, нодулярлық дерматит, ет қоректілердің эхинококкозы, лептоспироз, листериоз, ньюкасл ауруы, қойдың анаэробты энтеротоксемиясы және брадзот кіреді. Вакцинациялау үшін 120 млн ветеринарлық препараттар мен 30 мың литр дезинфекциялық құралдар сатып алынады, – делінген хабарламада.

Бүгінгі күні ветеринариялық алдын алу іс-шаралары жоспар бойынша жүргізіледі, ветеринариялық зертханалар штаттық режимде жұмыс істейді. Жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайы ҚР АШМ-ның тұрақты бақылауында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы