Биыл заңсыз иеленген 5 млн гектар жерді қайтару жоспарланып отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жер аманаты комиссиясының жұмысы туралы өткен брифингте айтты.
30 жылдың ішінде көптеген олигарх ауылда тұратын азаматтарды нарықтық қарым-қатынастың заңдылықтарын білмегендіктен арбап,алдап ұпайларын банктерге сатып жіберген. Бұл бірқатар облыста өте өзекті мәселе. Жер мәселесі тек ауылға қатысты мәселе деп ойлайтындар бар. Қаланың ішінде нүктелі құрылыс бойынша проблемалар да бар,- деді Сайыров.
Депутаттың айтуынша, бұл жергілікті атқарушы органдардың көзбояушылығынан туындап отыр.
Сондықтан Жер аманаты комиссиясы қоғамның нақты толғанысын туғызып отырған жерді халыққа қайтарып беруді көздеп отыр. Яғни, әлеуметтік әділетті принцип партия үшін жерді халыққа қайтарып беру,- деді Сайыров.
Ол атағандай, Президенттің тапсырмасы бойынша заңсыз иеленге 5 млн гектар жерді қайтару жоспарланып отыр.
Әр облысқа шаққанда 400 мың гектар жер қайтарылады. Алайда ол жоспар қайта қаралады. Себебі жаңадан құрылған облыстардың жайылымдары қайта есептеледі.