Биылғы суға шомылу маусымында 159 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың басынан еліміздің су айдындарында 109 адам, оның ішінде 24 бала құтқарылды. Ал суға шомылу маусымы басталғаннан бері (1 маусым) 87 адам, оның ішінде 16 бала құтқарылды.
Бұл туралы ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.Мәселен, өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Ертіс өзенінде құтқарушылар 1991 жылы туған ер адамды құтқарды. Сондай-ақ, Алтай ауданының Бұқтырма су қоймасында құтқарушылар "Бипек Авто" АҚ Өрт сөндіру катерін тарта отырып, "Голубой залив" демалыс базасына екі үрмелі қайықпен жүзіп, желдің салдарынан өз бетімен жағалауға қайтып келе алмаған 10 адам, оның ішінде 4 бала жеткізілді.
Сонымен қатар, адамдар өз күштерін жете бағаламай, өзінің бейқамдылығына байланысты суға шомылуға арналған жабдықталған орындарда суға батады. Әрбір адам суға шомылатын су айдынының қауіпті орындары мен ерекшеліктерін білуі тиіс. Өйткені жабдықталмаған жерлерде үйінділер, суға батырылған бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа да заттар болуы мүмкін.
Биылғы суға шомылу кезеңінде (осы жылдың 1 маусымынан 26 шілдесіне дейін) жалпы саны 159 адам (2019 жылы 204) қайтыс болған. Оның 47-сі – бала (2019 жылы 70 бала). Сондықтан да ата-аналар демалыс кезінде балаларының қауіпсіздігіне ерекше мән беруі керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өзбекстанда карантин шаралары ұзартылды
Өзгелердің жаңалығы