Биыл Ұлытау облысындағы 4 теміржол вокзалы қайта жаңғыртылады

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің тапсырмасына сәйкес биыл Ұлытау облысындағы Жезқазған, Қаражал, Жаңаарқа және Қызылжар станцияларындағы 4 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жезқазған қаласының әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі таңда Жезқазған қаласындағы вокзал бойынша "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен мердігер ұйым арасында теміржол вокзалын реконструкциялау жөнінде келісімшарт жасалды. Мердігер тарапынан техника мен мамандарды жұмылдыру жұмыстары басталды.

Алдағы уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның мәліметінше, жобада жолаушыларға қажетті бөлмелері бар жаңа вокзал ғимаратын салу көзделген, - делінген әкімдік хабарламасында.

Сонымен қатар, жолаушылардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында галерея салу және перронды кеңейту қарастырылған.

Қаражал қаласы, Жаңаарқа ауданы және Қызылжар станцияларындағы вокзалдарды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жезқазған қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы