Биыл Үкімет шегірткемен күреске 7 млрд теңге бөлді
Үкімет көктемгі егіс маусымына дайындыққа және шегірткемен күреске бөлінген қаржы көлемін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сенат кулуарындағы брифингте Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Былтырғы проблемаларды есепке алдық, 7 млрд теңге қаражат дайын. Былтыр зиянкестің таралу аумағы 3 млн гектар болса, биыл 2 млн гектарға дейін азайды. Қосымша қаражат қарап жатырмыз. Былтырғыдай жағдай болмайды, химиялық реагенттер сатып алынды, техника дайын. Сонымен қатар, билік көктемгі далалық жұмыстарға қаржыландыру көлемі артты. Өткен жылы осы мақсатқа 350 млрд теңге бөлінген болса, 2025 жылы бөлінген қаржы – 700 млрд теңге. Көктемге дейін өткен жылғы 195 млрд теңге көлеміндегі қарыздарды жабу мүмкіндігі бар деген болжам бар, - деді Серік Жұманғарин.
Айта кетейік, 2024 жылы шегірткемен күресу үшін қазынадан 8 млрд теңге бөлінген.