9 Қазан 2023 2023, 04:45 Фото: ашық дереккөз

Биыл Түркістан – Абу-Даби әуе бағыты іске қосылады

Биыл қараша айында Түркістан халықаралық әуежайына «Wizz Air» компаниясының «AirBus 321» әуе рейсі Түркістанға қонады. Бұл Түркістан –Абу-Дабу әуе бағытының алғашқы рейсі. Аталған бағыттағы рейс аптасына 3 рет қатынайтын болады. Бұл туралы BAQ.KZ Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаевтың мәлімдемесіне сүйеніп хабарлайды.

Бұдан бөлек, қазіргі таңда Түркістан халықаралық әуежайы 2 халықаралық (Ыстамбұл, Эль-Кувейт) және 6 республикаішілік (Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды) әуе бағыттарына қызмет көрсетеді.