Биыл тұрғындарға үй алу үшін жеңілдетілген қарыз беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкіметтің онлайн отырысында тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері тақырыбы бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндама жасады.

Министр атап өткендей, 2020 жылы республика бойынша 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. 140 мыңнан астам тұрғынжай пайдалануға берілді. 

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 2019 жылмен салыстырғанда 33,6%-ға өсіп, 2 трлн теңгені құрады. Мемлекеттік қаражаттың 1 теңгесіне 5 теңге жеке инвестициялар тартылды, - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар 38 400 отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде 28 мың әлеуметтік тұрғын үй түрінде және 10 400 жеңілдетілген заемдер берілді.
Осы жылы қаржыландырудың есебінен 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл 163 мың тұрғынжай. Мемлекеттік инвестициялар есебінен кезекте тұрған 31 300 адамды қолдаумен қамтылу жоспарланып отыр. 22 500 әлеуметтік тұрғын-жай салынып, сатып алынады және тұрғындарға 8 800 жеңілдетілген қарыз беріледі, - дейді Атамқұлов Үкімет отырысында.
Бұған дейін өткен Үкіметтің отырысында министр осы жылдың алғашқы айында 801 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілгенін айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы