Биыл тұқым шаруашылығын қолдауға 11,8 млрд теңге бөлінді – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі  Сапархан Омаров күн тәртібінде көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы  тақырыбы талқыланған Үкімет отырысында  айтты.

2021 жылы тұқым шаруашылығын қолдауға 11,8 млрд теңге бөлінді. Бұл асыл тұқымдардың қолдану мөлшерін 7,4 пайызға көбейтуге мүмкіндік береді. Минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға  облыстардың жергілікті бюджетінен 26,1 млрд теңге көзделген. Осының арқасында минералды тыңайтқыштарды қолдану мөлшері 3,3 пайызға көтеріледі, - деді Омаров. 

Министр бүгінгі таңда республика диқандарына көктемгі-дала жұмыстарын жүргізу үшін 117,6 тонна минералды тыңайтқыштар жеткізілгенін айтты. 

Бүгінде Алматы, Жамбыл, қостанай және Түркістан облысында субсидиялау қабылдау жүргізілуде. Жақын арада өтінімдер қабылдау БҚО мен СҚО-да басталады. Қалған өңірде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2021 жылы пестицидтерді субсидиялауға облыстың жергілікті бюджетінен 30,6 млрд теңге көзделген. Бұл былтырғыға қарағанда 15,8 пайызға көп. Бұл қолайлы фитосанитарлық жағдайды құруға мүмкіндік береді, - деді ол. 

Министр атағандай, егіс науқанын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарында 141,7 мың трактор, 73,2 мың тұқым сепкіш, 221 мың топырақ өңдеу құралы бар. 

Бір мезгілде бірнеше технологиялық операцияны орындайтын қазіргі заманғы егіс техникалары 4,3 мыңға дейін ұлғайды. Бұған мемлекеттің қолдау шаралары ықпал етуде, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы