Биыл теміржол арқылы 307 мың тонна жүк тасымалданды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Берік Қамалиев Алматыда өтіп жатқан «Көлік және логистика нарығы» ІІІ халықаралық конференциясында айтты.
Оның айтуынша, теміржол тасымалы ел экономикасын дамытуда маңызды рөлге ие. Осы жылдың тоғыз айында теміржол арқылы 307 мың тонна жүк тасымалданған.
Әлемдік пандемияға қарамастан теміржол саласы жүк тасымалында оң нәтиже көрсетіп жатыр. Қазір магистральды теміржол желілерінің өткізу қабілетін арттыру мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Аладғы уақытта Достық-Мойынты, Алматы вокзалының айналма теміржол желісі, Түркістан-Шымкент-Ташкент жүрдек магистралі бойынша ірі инвестжобалар іске қосылады,-деді Қамалиев.
Сонымен қатар ол теміржол инфрақұрылымының техникалық жай-күйі теміржол өнеркәсіпорындарының мүмкіндігіне байланысты екенін атап өтті.
Қазір отандық теміржол машина құрастыру өнеркәсібі үздіксіз даму үстінде және ішкі нарықты вагон, локоматив, басқа да құрамалармен қамтып отыр. Локоматив шығаратын зауыттар сәтті жұмыс істеп жатыр. Отандық машина құрастыру саласын қолдау үшін министрлікпен мемлекеттік қолдау құралдары енгізілді,-деді ол.
Берік Қамалиевтің айтуынша, әлем бойынша жүктерді контейнермен теміржол көлігімен тасымалдау белең алған. Бұл өзгерістен Қазақстан да тыс қалмақ емес.
Алдымызда контейнермен тасымалданатын жүкті 22 млн тоннаға жеткізу міндеті тұр. Бұл мақсатқа жету үшін 117 мың 20 фунтты контейнер алу қажет. Бастапқы кезеңде нарықты 10 миллион тоннаға дейін контейнерлеу жоспарлануда. Біз себілмелі жүктерге арналған контейнерлер шығаруды, яғни үсті ашық және рулонды темірге арналған контейнер шығаруды көздеп отырмыз. Оған Феско компаниясы және өзге де ортандық кәсіпорындар қызығушылық білдіріп отыр,-деді Берік Қамалиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БЖЗҚ-дағы азаматтардың қаражаты инфляциядан қалай қорғалады?
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы