Биыл Түркістанда 23 мектеп пайдалануға берілмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 2019-2024 жылдар аралығында 55 мыңнан астам балаға арналаған 184 мектеп салынады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта 20 мың орындық 68 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 37 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Тағы 16 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сондай-ақ   қалған 63 мектепте тиісті жұмыстар жүруде.

Биылғы жылдың соңына дейін 23 мектеп пайдалануға берледі деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде, апатты деп танылған 3 мектептің және үш ауысымды 2 мектептің мәселесі шешіледі.

Айта кетейік, 68 мектептің 27-сы жаңа құрылыс, 41-і 2017-2018 жылдардан өтпелі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы