Биыл тұрғын үй бағасы 3,6% қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Статистика комитеті мамандарының дерегінше соңғы 12 айда тұрғын үй бағасы өскен өңірлер көшін Қостанай (+39,5 мың тг) , Семей (+32,4 мың тг) және Павлодар (+31,4 мың тг) бастап тұр.
Салыстырмалы түрде алатын болсақ Нұр-Сұлтанда жаңа үйлердің шаршы метрі 22,5 мың теңгеге, ал Алматыда 16 мың теңгеге қымбаттаған.
Баға өзгермеген бір ғана өңір бар. Ол – Өскемен. Бұл шаһарда керісінше, жаңа баспаналардың шаршы метрі 10,5 мың теңгеге арзандаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елбасы Түркия Республикасының президентімен кездесті
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы