Биыл сыртқы сауда 111 млрд долларға жетті – Үкімет басшысы
Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін елордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, халықаралық өндірістік, көліктік және логистикалық байланыстардың бұзылуы жаһандық экономикаға кері әсерін тигізіп отыр.
Көптеген елде инфляцияның рекордтық деңгейі қалыптасуда. Әлемдік экономиканың өсуі байқалып келеді. Қазақстанда ағымдағы жағдайда экономиканың өсуі 2,7 пайыз деңгейінде болды. Ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және қоймалау салалары 4 пайыздан астам өсуді көрсетуде. Экономика өсуінің баяулауы мұнай және тау-кен өндірістеріндегі баяулаумен байланысты. Биыл қаңтар-қазан аралығында сыртқы сауда айналымы 34 пайызға өсіп, 111 млрд долларды құрады, - деп атап өтті Үкімет басшысы Президенттің алдында жасаған баяндамасында.
Сонымен қатар ол экспорт 5 пайызға артқанына тоқталып өтті.
Соның ішінде өңделген тауарлар 5 пайызға өсті. Оң сауда балансы екі есеге ұлғайды. Экспорт 45 пайызға, соның ішінде өңделген тауарлар экспорты 35 пайызға өсті. Оң сауда балансы 2 есеге ұлғайып, 31 млрд долларды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 6, пайызға өсті. Экономиканың негізгі салалары бойынша инвестициялар ағыны білім беру саласында, саудада, құрылыста, көлік және логистикада, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте едәуір өсті, - деді Әлихан Смайылов.