Биыл СҚО-да мал ауруының 23 ошағы анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері мал ауруының 23 ошағы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда зарарсыздандыру жұмыстары толық аяқталды. Ал шығынға батқан тұрғындарға 15 млн теңгеге жуық өтемақы төленді. Ветеринария басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, биылғы эпиджағдай өткен жылмен салыстырғанда едәуір жақсы. Мысалы, құс тұмауы мүлдем тіркелмеген. Қазір өңірде 361 мал дәрігері жұмыс істейді. Олар 200-ден аса арнайы техникамен қамтылған. Оның ішінде ауру малды таситын жүк көліктер де бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы