Биыл соңғы қоңырау 25 мамырда соғылады

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес мектептерде оқу мерзімі 2024 жылдың 25 мамырында аяқталады. 24 мамырда республиканың барлық мектебінде 1-10-сынып оқушыларына «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді, - деп айтты ведомство өкілі брифингте.

Сынып сағатының мақсаты - балаларды жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу.

Сондай-ақ 25 мамыр күні мектеп түлектерінің қатысуымен «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара мектеп қабырғасында өткізіледі. Салтанатты іс-шараны өткізу форматын, қатысушылар құрамын білім беру ұйымдары өздері анықтайды, - деп түсіндірді Жұмаділдаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы