Биыл Солтүстік Қазақстанда 75,6 га аумақ жанып кетті
Биыл Солтүстік Қазақстан облысы аумағында от 147 рет тұтанған, оның 21-і орман өртіне ұласқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жалынды ауыздықтауға 500-ден астам техника, мыңнан астам маман атсалысты.
СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, өңірде мемлекеттік орман қорының 550 мың гектары 12 мемлекеттік орман иеленушінің қарамағына берілген. Бұл алқаптың 414, 2 мың гектары орманмен көмкерілген.
Орманшы-инспекторларға 354 аумақ бекітілген, олар мұнда бәрін қадағалап отыруы керек: ағаштардың ауруы мен зиянкестері, жануарлардың көшіп-қонуы, өсімдіктердің гүлдеуі назардан тыс қалмайды. Ең бастысы – ормандарда құқық бұзушылықтарға жол бермеу. Өрт қаупі бар маусымның басынан, әсіресе көктемде өрт көбейеді. Көбіне құрғақ шөп пен былтырғы қамыс, егістіктердегі қалған сабан өртеніп жатады. Сөндірілмеген сіріңке, темекі тұқылы, тіпті бөтелкенің сынығы болсын, өртке әкелуі мүмкін. Орман негізінен демалуға келген қонақтардан зардап шегеді, олар қоқыс қалдырады, сөндірілмеген темекі тұқылын лақтырады, жиі мас күйінде от жағады, - дейді басқарманың бөлім статисі Сәуле Сүлейменова.