Биыл Солтүстік Қазақстанда 12 мың жаңа жұмыс орны ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлім етті.
Оның айтуынша, биыл тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында нақты іс атқарылған кезең болды.
Сондай-ақ әкім Солтүстік Қазақстан өңірінің экономикасын дамыту үшін көптеген жобалар іске асқанын айтты.
Облыс экономикасы қиындықтарға қарамастан, дамып келеді. Негізгі салалар бойынша өсім бар. Халықтың табысы өсіп келеді. Жалпы еңбекақы қоры ұлғаюда. Биыл 9 айда өңір халқының еңбекақысы 178 млрд теңгеге жетті. Былтыр осы кезеңде 151 млрд теңге болатын. Бұған қарап біз бір жылда еңбекақы қоры 18 пайызға өскенін көреміз,-деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның сөзінше, облыста орташа еңбекақы 19 пайызға өсіп, тиісінше зейнетақы қорына түскен қаржы көлемі 22 пайызға артқан.
Жыл басында 12 мың жаңа жұмыс орнын ашу міндеті қойылған еді. Бұл жоспардың бәрі орындалды. Өңір экономикасының дамып жатқанының тағы бір белгісі - салық түсімдерінің өсімі. Былтыр облыс қазынасы 58 млрд теңге түссе, биыл 67 млрд теңгеге жетіп отыр -,деп атап өтті Ақсақалов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы