Биыл Шымкентте 8 елді мекен табиғи газбен қамтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласын газбен қамту көрсеткішін 2022 жылы 94,7 пайызға ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

Бүінде 81 елді мекеннің 42-і табиғи газбен толық, ал 31-і жартылай қамтамасыз етілген. Биыл көгілдір отынмен қамту мақсатында 8 елді мекенде 2 магистралды жүйенің құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, 2025 жылы қала аумағы толық табиғи газбен қамтылып, көрсеткіш 100 пайызға жетеді деп күтіліп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы