Биыл Шығыс Қазақстанда 3 мыңнан астам адамды кене шаққан

Шығыс Қазақстан облысында биыл кене шаққан адам саны 3 мыңнан асып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметіне сүйенсек, өңірде кененің таралу маусымы сәуір айында басталған.

Содан бері 3083 адамды кене шақты. Кенеден зардап шеккендердің ең көбі Өскемен қаласында (44 пайыз), одан кейін Риддерде (21 пайыз), Алтай ауданында (12 пайыз) және Катонқарағай ауданында (11,5 пайыз).

Алты адам кене энцефалитімен ауырды. Олар Таулы Үлбі ауылының, Риддер қаласының, Каменка және Урунхайка ауылдарының тұрғындары. 6 адамның тек біреуі ғана дер кезінде медициналық көмекке жүгінген, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы республикада кене энцефалитін жұқтыру қаупінің «жоғары» аймағына жатады. Өңірде аурушаңдық деңгейі Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 4,1 есе жоғары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы