Биыл ШҚО-да 103 қоғамдық көлік сатып алынды

2024 жылдың 8 айында Өскемен және Риддер қалаларында 103 қоғамдық көлік сатып алынды, жыл соңына дейін Өскемен қаласы бойынша қосымша 11 автобус пен 10 шағын автобус сатып алынады, деп хабарлайды BAQ.KZ altainews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық мәслихаттың сессиясында аймақ басшысы Ермек Көшербаев айтып өткендей, 318 елді мекен жолаушы қатынасымен қамтылған, қамту үлесі 75%-ды құрайды, шамамен 669 автобус іске қосылған.

Әлеуметтік маңызы бар қатынастарды субсидиялау жалғастырылып, 2024 жылға 5,5 млрд. теңге бөлінген.

Біз Өскеменде жолаушылар тасымалын субсидиялаумен байланысты бірқатар мәселелер бар екенін білеміз. Құрама, қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай бағасы өсті, жоғарыда атап өткенімдей, техника лизингке сатып алынады, ал тариф бұрынғы деңгейде қалып отыр. Тасымалдаушылар қосымша қаржыландыруды қажет етеді, - деді облыс әкімі.

Өткен жылы бұл мақсаттарға жыл бойы кезең-кезеңмен 4,2 млрд. теңге бөлінген. Тасымалдаушылардың өтініші бойынша осы жылдың бюджетін бекіту кезінде 4 млрд. теңге бір мезгілде, бөлшектемей бөлінді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы