6 Маусым 2023 2023, 10:40 Фото: архив

Биыл шомылу маусымы басталғалы елуге жуық адам суға кетіп, қаза тапқан - ТЖМ

Соңғы үш жылда мыңнан астам адамның ажалы судан келген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Соңғы үш жылда мыңнан астам адамның ажалы судан келген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, былтыр суға батқандар саны 43%-ға азайғанымен, өкінішке қарай, жағдай жақсы емес.

Соңғы 3 жылда мыңнан астам адам суда қаза болды, атап айтқанда, 1 103 адам, оның 321-і – балалар. Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 69 адам құтқарылды, оның ішінде 15-і бала, шомылу маусымы басталғаннан бері - 11 адам, оның ішінде 2-еуі бала. Бұл ретте 45 адам суда қаза болды, оның ішінде 14-і кәмелетке толмаған, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол суға кету жағдайлары қай өңірде көп кездесетініне тоқталды.

Суға батқандардың ең көбі Ақтөбе (5 адам, оның ішінде 5 бала), Абай (5 адам, оның ішінде 2 бала), Қостанай (5 адам) облыстарында. Еліміздің су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері жабдықталмаған орындарда шомылу, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, мас күйде және өз күштерін бағаламай шомылу болып саналады, - деді министр.