Биыл Шамалған станциясының айналма жолы пайдалануға берілмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық маңызы бар жолдарда құрылыс жұмыстары басталды. Мәселен, биылғы жол-құрылыс маусымында Алматы облысы бойынша 4 жоба қолға алынды.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың қатарына «Күрті-Бурылбайтал»; «Күрті-Қапшағай»; «Үшарал-Достық» және Шамалған станциясының айналма жолы жатады.
«Күрті-Бурылбайтал» жобасы бойынша 2152-2295 км аралығы (143 шақырым) жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Бұдан басқа, «Күрті-Қапшағай» (67 шақырым) жобасы бойынша бір бағытта қозғалыс ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Үшарал-Достық» (180 шақырым) тас жолында қозғалыс ашылады.
Қазір Шамалған станциясының айналма жолында (ұзындығы 6 км) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылдың соңына дейін бұл нысан пайдалануға берілмек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Александр Бублик «Үлкен дулығаның» үш дүркін чемпионын ұтты
Өзгелердің жаңалығы