Биыл салық төлеуге қатысты қандай жаңашылдықтар енгізілді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Бизнесті қолдауға бағытталған 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңашылдықтарға баса назар аударғым келеді. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру және қайта бастау. Егер салық борыштары толық төленген болса, банктер ЖК мен заңды тұлғалардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын дербес қайта бастауға құқылы, - деді Миятов. 

Спикер шығыс операцияларын дербес қайта бастауға кімдер құқылы екенін де айтты.

Салық төлеуші мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінде көрсетілген салық берешегінің сомасын өтеген жағдайда, банк мемлекеттік кіріс органынан өкімді кері қайтарып алуды алғанға дейін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын дербес қайта бастауға құқылы.Егер салық берешегі 18 мың теңгеден (6 АЕК) аз болса, ДК мен заңды тұлғалардың банктік шоттарын жабу үшін негіздерді алып тастау да бизнесті сөзсіз қолдау болып табылады. Бұл өзгерістер өткен жылдың шілдесінен бастап жұмыс істейді, - деді Қайрат Миятов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы