Биыл салық төлеуде проблемалар болмауы тиіс - Әлихан Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаржы министрлігі былтырғы жылы азаматтардың мемлекеттік кірістер органдарының жұмысы және салықтық есептеулер туралы шағымдарын ескерді. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары-қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.

Оның сөзіне сенсек, биыл ешқандай проблемалар болмауы керек.

«Мен қандай бір проблемаларды көріп тұрған жоқпын.  Біздің жүйеміз Kaspi Bank-пен интеграция жасады. Оны баспасөз беттерінен көрген боларсыздар. Енді Kaspi Bank-тің барлық қолданушылары өз мобильдік қосымшылары арқылы  мүлік салығы, жер, көлік салығы бойынша қажетті салық міндеттемелерін бақылай алады және онлайн төлеуге барлық жағдай жасалған», - дейді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, сонымен қатар салық комитетінің ақпараттық жүйесіндегі жеке шотыңыздан да көруге болады.

«Одан бөлек,банктер арқылы және банктердің онлайн қосымшасы арқылы төлей аласыз.  Біз басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп мәліметтер базасындағы барлық анық емес ақпараттарды анықтау және жою бойынша көптеген жұмыстар атқарып жатырмыз.  Мысалы, ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы - жер ресурстары туралы, ішкі істер министрлігі арқылы - көлік құралдары бойынша, әділет министрлігі арқылы - жылжымайтын мүлік тізіліміндерін қарап жатырмыз. Көптеген мәліметтер базасын тазарттық, сондықтан былтырғы проблемалар биыл ондай көлемде болмауы керек. Жекелген жағдайлар болуы мүмкін, бірақ олар қате ақпаратты құжаттау немесе жоққа шығару үшін салық төлеушілердің келуін талап етеді», - деп түйіндеді вице-премьер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы