"Биыл рекордтық көлем" – министр 20 жыл жөнделмеген жолдар жөнделетінін айтты
Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл рекордтық көлем. Ондай ешқашан болған емес. 12 мың шақырым бірден жол құрылысы жүріп жатыр. Мемлекет басшысының қазір алдымызға қойып отырған басты талабы жолдың жалпы қызығын ауыл-ауыл бәрі көрсін деген, - деді министр.
Қарабаев осы уақытқа дейін жолдарға бұрын бөлінбеген ақша бөлінгенін жеткізді. Сондай-ақ осы уақытқа дейін барлық назар халықаралық көлік дәліздеріне бөлініп келгенін айтты.
Бұған дейін бүкіл фокустың баршасы мына халықаралық көлік дәліздерге салынған. Яғни үлкен төрт жолақты үлкен жобалардың іске қосылуына салынған. Енді біз биыл жаңа бағдарлама бастадық. Яғни орташа жөндеумен көптен бері көңіл бөлінбеген. 20 жыл немесе 15 жылдан бері мүлдем ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген жобаларды толығымен қолға алып, солардың орташа жөндеу жұмысын бастадық, - деді ол.