Биыл Рамазан айы қашан басталатыны белгілі болды
Қазақстанда Рамазан айындағы ораза 19 ақпанда басталады. Діни мерекелер күнтізбесін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қасиетті ай 29 күнге созылады. Кестеге сәйкес, Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні өтеді. Ал Ораза айт жұма күні, 20 наурызға келіп тұр.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді, - деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Елімізде дипфейкке шариғат бойынша тыйым салынғаны хабарланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алтын бағасы күрт қымбаттады
Келесі жаңалық
Ақтауда суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы