Биыл құтқарушылар 9 мыңға жуық адамды құтқарған

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Төтенше жағдай аймағынан 9 мыңнан астам адам эвакуацияланды, зардап шеккендерге 3,5 мыңнан астам алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Барлығы 60 мыңға жуық шығулар(ред - құтқару шарасы) жасалды, - деді министр.

Шәріпхановтың дерегінше, елімізде 9 мыңнан астам төтенше жағдай тіркелді, 1,5 мыңға жуық азамат зардап шекті, 539 адам қаза тапты. Материалдық шығын шамамен - 171 млрд теңге.

28 жыл ішінде құтқарушылар төтенше жағдайлар мен өрттерді жоюға бір жарым миллионнан астам шығулар жасады. Олардың кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында 400 мыңнан астам адам құтқарылды, 380 мыңға жуық адам ТЖ түрлі аймақтарынан эвакуацияланды, 70 мыңнан астам азаматқа медициналық көмек көрсетілді, - деді спикер орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы