Биыл қазынадан жылумен жабдықтау тораптарына қаржы бөлінеді

Бұл туралы Cенат спикері Мәулен Әшімбаев Сенатта өткен Парламенттік тыңдауда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.   

Айтуынша, қазақстандық электр желілерінің жартысынан астамының тозығы жеткен.  

 Жалпы электр стансаларындағы  негізгі жабдықтардың 57 пайызының тозығы жеткен. Жеке өңірлерде бұл көрсеткіш тіпті 88 пайыз деңгейде. Жыл өткен сайын ЖЭО жабдықтары тозып барады. Бұл қазіргі сәтте 66 пайызды құрады. Жеке өңірлердегі электр тораптарының тозуы 90 пайыздан асады, - деп атап өтті Сенат төрағасы. 

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес генерацияланған қуаттың тозуын «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы есебінен төмендетуге тоқталды. 

Сәйкес мемлекеттік органдар тарапынан бұл бағытта нақты қадамдар қажет. Өңірлерге 50 пайыздан астамы тозған жылумен жабдықтау тораптарын жаңарту бойынша жұмысты бір уақытта белсендіру маңызды. 2023 жылғы бюджетті нақтылау аясында осы мақсатқа қаражат бөлу қарастырылып отыр. Бірақ бұл ЖЭО мен инженерлік желілерді жаңарту бойынша үлкен жұмыстың бастамасы ғана. Азаматтарымыздың өмір сүру салтына тікелей әсер ететін осы проблемаларды жүйелі түрде шешу керек, - деді Мәулен Әшімбаев.  

Еске сала кетейік, бұған дейін сенатор Серік Шайдаров та елдегі электр стансалары жабдықтарының әбден тозғанын айтқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: bugin.kz
Өзгелердің жаңалығы