Биыл Қазақстан мен Жапония арасындағы серіктестікке 30 жыл

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Сыртқы істер министрі Ёшимаса Хаяшиді қабылдады.

Осыған ресми кездесу өткеннен кейін Қазақстандағы Жапония елшілігі онлайн брифинг өткізді.

Брифингте Жапония Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысының орынбасары Окано Юкико кездесуде Қазақстан Президенті мен Жапония СІМ басшысы қандай маңызды мәселелерді талқылағанын айтып берді.

Бүгін таңертең біздің Сыртқы істер министрі Қазақстанға келді. Екі кездесу өткізді. Алғашқысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрімен болды. Алғаш рет СІМ басшысы 12 жыл бұрын Қазақстанда болған. Биыл Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық байланысқа 30 жыл толып отыр. Осыған орай атаулы датаны атап өту үшін министр Қазақстанға баруды жоспарлады, - деді Окано Юкико.

Жапония СІМ өкілінің сөзінше, осынау уақыт ішінде Қазақстан мен Жапония мықты стратегиялық серіктестер.

Біз Орталық Азиядағы елдермен белгілі бір шеңбер аясында СІМ деңгейінде серіктестік орнатқанбыз. Сондай-ақ қазіргі күні Орталық Азияға ресми сапар жүргізіліп жатыр. Қазақстан мен Жапония байланысына келетін болсақ, Қазақстан елімізбен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті. Екі ел министрлерінің кездесуінде Семей полигонына қатысты мәселелер талқыланды. Сонымен бірге Ауғанстан мен Украина елдері мәселелері де көтерілді. Жапония СІМ министрі Қазақстанның ауған студенттерін қабылдап, көмек көрсету жөніндегі күш-жігеріне жоғары баға берді, - деп айтты ол брифингте.

Жапония СІМ өкілінің сөзінше, екі ел Сыртқы істер министрліктерінің арасындағы серіктестігі және алдағы жоспарлары туралы құжатқа қол қойған.

Сондай-ақ Жапония Сыртқы істер министрі Ёшимаса Хаяши Қазақстандағы кездесулерін аяқтаған соң Өзбекстанға аттанады.

Сонымен бірге кездесуде «Орталық Азия – Жапония» форматындағы диалогты одан әрі дамытудың маңызды екені атап өтілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы