Биыл Қазақстан Германияға қанша тонна мұнай жеткізді?

Биыл 10 айда Қазақстан Германияға 690 мың тонна мұнайды тасымалдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«ҚазТрансОйл» АҚ мәліметінше, шикізат «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова Застава» мұнай тапсыру бекетіне қарай тасымалданған. 

Нәтижесінде биыл 10 айда Германияға 690 мың тонна мұнай жеткізілді, - деп хабарлады компания.

Биыл қарашада «ҚазТрансОйл» Германияға 100 мың тонна мұнай жеткізуді жоспарлап отыр.

Былтыр желтоқсанда аталған компания Германияға 1,2 млн тонна Қазақстан мұнайын тасымалдауға өтінім жіберген. 

Бұл мұнай транзиті Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісімнің аясында іске асырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы