Биыл қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу бағдарламасы жаңартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында министр Асхат Аймағамбетов қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу бағдарламасы жаңартылатынын айтты.

Аппарат жиналысында министр қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу бағдарламасы жаңартылатынын айтты.

Ең басты мәселе осы екі пәннің оқу бағдарламасын жаңарту болатын. Олардың оқу бағдарламасын міндетті түрде жаңартуымыз керек. Жиналысқа келген мұғалімдердің көтерген мәселесі де осы болды. Қазақ әдебиетінің мазмұны болсын, қазақ тілі пәнінің мазмұны болсын, әрине жетілдіретін мәселелер бар. Сондықтан жұмыс тобының отырыстарында айтылған барлық мәселе шешімін табуы қажет. Оның ішінде оқу бағдарламасының мақсаттарын қайта қарау мәселесі де көтерілген болатын, - деді министр. 

Аймағамбетовтың айтуныша, оқытылатын шығармалар, грамматикалау жүйесі, жас ерекшеліктерін ескеру және басқа да мәселелерді мұғалімдер көтерді. 

Сол себепті осы проблемаларды шешуді әрі қарай жалғастыру керек. Мұны осы жылы міндетті түрде толық шешуіміз керек, - деп толықтырды еліміздің бас ұстазы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы