Биыл қай өңірлерде құрғақшылық болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің қай өңірлерінде құрғақшылық болатынына болжам жасалады.
Қазақстанның елеулі аумағындағы, ылғалдану жағдайларының статистикалық болжамына сәйкес, мамыр айында ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп болжанып отыр.
Келесі жерлерде орташа құрғақшылық болады деп болжанып отыр:
Ақтөбе облысы Әйтеке би және Хромтау аудандарында,
Қостанай облысы Жангелді ауданында,
Қызылорда облысы Қазалы ауданында,
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында.
Ылғалданудың, орташа ылғалды жағдайлары, негізінен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстігінде қалыптасады, - делінген Қазгидромет хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауыл қалай дамиды?
Өзгелердің жаңалығы