Биыл Қарулы күштерге қандай өзгерістер енгізілді

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Биыл қарулы күштер үшін қиын болса да, Қорғаныс министрлігі барлық қойылған міндетті орындады. 2022 жылы қорғаныс саласның негізгі  күш-жігері Қарулы күштердің құрылымын жетілдіруге, жауынгерлік әзірлікті арттыруға бағытталды. Жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес, әскери қауіпсіздік саласындағы құжаттар қайта әзірленді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қазіргі заманғы сын-қатерге сәйкес, әскери доктрина да қайта әзірленді, - деді Қамалетдинов орталық коммуникация қызметіндегі өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол биыл «Қауіпсіз ел» - ұлттық жобасы жасалғанын айтты.  

Жоба аясында қару-жарақтың елімізде шығарылған үлгісін дайындау, оқ-дәрі қоймасын салу, қолданыстағы сақтау объектісін жетілдіру көзделген. Қарулы күштер үшін осы жыл қарқынды болды. Жауынгерлік дайындық іс-шараларында «Батыл Тойтарыс», «Айбалта-2022» , «Бекет-2022» оқу-жаттығулары өткізілді. Халықаралық әскери ынтымақтастық аясында эшелон іздеу, өзара іс-қимыл оқу жаттығуы өткізілді. Еліміздің әскери қызметшілері Белоруссияда, Үндістанда, Қырғыстанда, Иорданияда, Түркияда және Ресей мен Өзбекстанда өткен жаттығуларға қатысты, - деді Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы