Биыл Қаратау ауданында 70 көшеге асфальт төселеді

Шымкенттің Қаратау ауданына 70 көшеге асфальт төселеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Асфальттау жұмыстары «Қайтпас», «Тұран», «Достық» шағынауданындарында, «Таскен», «Тассай» «Сайрам» тұрғын алаптарында, «Бозарық» саяжайында жүргізілетін болады.

Сондай-ақ Қаратау аумағындағы 4 шағын аудандағы көшелерге шағал тас төсеу жоспарлануда. Көшелерді жарықтандыру жұмыстары «Нұртас», «Тұран», «Қайтпас», «Мирас» шағынауданындарында, «Сайрам», «Мәртөбе», «Тассай», «Таскен» тұрғын алаптарында атқарылады. Жоспар бойынша 24 көшеге жарық жүйесі тартылады, - деп жазды қала әкімдігінң баспасөз қызметі.
 

Сонымен қатар жыл соңына дейін «Сайрам», «Тұран» елді мекендеріндегі атауы жоқ немесе атауы моральдық тұрғыда ескірген көшелерге тарихи тұлғалардың есімдері берілетін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы