22 Тамыз 2023 2023, 22:48
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі
Биыл Қарағанды облысында Шахтерлер күні тойланбайды
«Қазақстан» шахтасында орын алған өрттен кейін Қарағанды облысында биылғы жылы Шахтерлер күні жылдағыдай тойланбайтын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазақстан» шахтасында орын алған өрттен кейін Қарағанды облысында биылғы жылы Шахтерлер күні жылдағыдай тойланбайтын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аймақта кеншілер мерекесіне арналған іс-шаралар тоқтатылады.
«Қазақстан» шахтасындағы қайғылы оқиғаға байланысты Шахтер күніне арналған барлық салтанатты іс-шаралар тоқтатылады, - деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.
Еске, сала кетейік 17 тамыз күні «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы жанып, 5 кенші көз жұмды. Қазіргі уақытта өртті сөндіру мүмкін болмағандықтан шахта оқшауланды.