Биыл қанша қазақстандық әскерге шақырылады?

Қазақстан Қарулы күштері бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті басшысының орынбасары, полковник Азамат Досымов биыл елімізде қанша азамат әскерге шақырылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Досымов биыл 1 наурыздан бастап әкім орынбасарларының төрағалығымен қалалық және аудандық шақыру комиссиялары көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруға кіріскенін айтады.

2024 жылғы 30 маусымға дейін Қарулы күштерде, басқа да әскери құралымдарда 18 жастан 27 жасқа дейін мерзімді әскери қызметке 20 мыңнан аса адам шақырылады. Олар әскерге шақыруды кейінге қалдыра алмайды және әсерден босатуға негіз жоқ. Осылайша, Қарулы күштер қатарын 9 мыңнан аса адам, Ұлттық ұлан – 6 мыңнан аса адам, ҰҚК Шекара қызметі – 3 мыңға жуық адам, Төтенше жағдайлар министрлігі – 300-ден аса адам, Мемлекеттік күзет қызметі – 300-ге жуық адам толықтырады, - деді спикер орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сырым РАХИМБЕКОВ - архив
Өзгелердің жаңалығы