Биыл қанша көлік шығарылатыны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Былтыр автокөлік өндірісі 93 мың бірлікті құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Биылғы жарты жылда 29 мыңнан астам автокөлік өндірілді. Автокөліктердің сатылымындағы отандық қатысудың үлесі 2021 жылы 65 пайызды құрады. 2021 жыл бойынша экспорт көрсеткіші 49 пайызға артып, 12 мыңнан асты. Негізге елдер Ресей, Беларусь және Өзбекстан, - деді Сапарбеков.
Оның айтуынша, бүгінде әлем бойынша көлік тапшы болып отыр.
Оның ішінде микрочиатер тапшылыққа ие. Әлем бойынша осындай көрсеткіш. Сондықтан өндірушілер үнемі серіктестерімен квотаны арттыру және көлікті жасақтау бойынша келісімшарттарды жүзеге асырып жатыр. Оған қарамастан биыл 109 мыңға жуық автокөлік жасау жоспарланып отыр, - деді Олжас Сапарбеков.