Биыл педагогикалық әдепті сақтамаудың 51 фактісі анықталды

2025 жылы аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері тарапынан «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңының 6 бабы талаптарын бұзудың 17 фактісі тіркеліп, олардың нәтижелері бойынша тиісті әкімшілік шаралар қолданылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен қатар, аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерге келіп түскен өтініштерді қарау қорытындысы бойынша педагогикалық әдеп нормаларын сақтамаудың 51 фактісі анықталды.

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер қабылдаған шешімдер ұсынымдық сипатта болғанымен, олар білім беру ұйымдары мен басқару органдары тарапынан Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес қаралып, нақты шешімдер қабылданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы